2024 жылдың 19 маусымында терапия кафедрасында кафедра ассистенті Маймышева С.Ю. резидент-пульмонологтармен бірге «ӨСОА туралы жаңа көзқарастар» атты семинары ұйымдастырылды, оған Семей қаласының теміржол ауруханасының терапия бөлімінің дәрігерлері қатысты. Семинарда резидент-пульмонологтар Еуропалық респираторлық қоғамының негізгі “COPD, COLD-2023y.” клиникалық хаттамасымен, ондағы жаңаша емдеу тәсілімен, өзгертулерімен таныстырды. Сонымен қатар ингаляторларды, пикфлоуметрияны дұрыс қолдана білу әдістерімен бөлісті.