2023 жылдың 29 қараша күні «Семей медицина университеті» КеАҚ шетел бөлімінің барлық курс білім алушылары үшін санитарлық – ағартушылық жұмыстары жүргізілді. Маукаева Сәуле Боранбайқызы, м.ғ.к., «СМУ» КеАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының доценті, жоғары санатты жұқпалы аурулар дәрігері, қызылша мен желшешек кезінде уақтылы диагностика көрсету, емдеу, алдын алу және эпидемияға қарсы қауіпсіздік шаралары бойынша онлайн семинар өткізді. Тыңдаушылардың назарына осы ауруларға тән белгілер пайда болған кездегі іс-қимыл алгоритмі ұсынылды. Білім алушылардан басқа семинарға шетел бөлімі топтарының кураторларыда қатысты. Дәріс соңында тыңдаушыларға электронды түрде әдістемелік материалдар ұсынылды.
Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар![/vc_column_text]