2024 жылғы 12 маусымда “Жамиля ” мекемесі клиникалық базасында “Жалпы медицина” мамандығының 5-курс студенттерімен, сондай-ақ ” Ересектер, балалар акушерия және гинекологиясы” мамандығының 1 және 2 курс резиденттерімен А.А. Қозбағаров атындағы акушерия және гинекология кафедрасының ассистенті С. Ш. Мықтыбекованың жетекшілігімен, кафедра ассистенттері: Кинаятова Ш. К., Егежанова Г.М., Ерланқызы Е., қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейміз!» атты сұхбат жүргізілді.
Әңгімелесудің мақсаты: студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселесі және оның алдын алу әдістері туралы әңгімелесу жүргізу; – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы туралы нанымдарды қалыптастыру; – студенттердің құқықтық санасын тәрбиелеу және құқықтық мәдениетін арттыру; – белсенді азаматтық ұстанымды дамыту.
Әңгімеге қатысқан студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шынымен нәтиже беруі туралы өз пікірлерін білдірді, барлық білім алушылардың да, университет қызметкерлерінің де тілегі қажет екенін айтты. Біздің ұстанымымыз – ешқандай пара бермеу!