А.А. Қозбағаров атындағы акушерия және гинекология кафедрасында, кафедра меңгерушісі, м. ғ. к., қауымдастырылған профессор Г. А. Танышеваның жетекшілігімен 2024 жылдың 18 мамыр мен 22 маусым аралығында сенбі күндері “Ұрықтың кардиотокографиясы” тақырыбында “Ересектер, балалар акушерия және гинекологиясы”мамандығы бойынша 1 және 2 оқу жылының резиденттеріне арналған жазғы мектеп өткізілді.
Ұрықтың кардиотокографиясы жүктілік және босану кезіндегі ұрықтың жатырішілік жағдайын бағалаудың негізгі әдісі болып табылады. Резиденттер жүкті әйел мен ұрықтың жағдайын бағалай білуі керек. Мектептің осы тақырыбы аясында КТГ зерттеуінің негізгі параметрлері, визуалды және автоматты талдау, КТГ нәтижелерін талдау қамтылған. “Ұрықтың функционалдық жағдайын бағалау” және “Ұрықтың жеткіліксіз өсуі” атты ұрықтың жағдайын бағалау бойынша клиникалық хаттамалар талқыланды.
Түрлі кейстер, сондай-ақ жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде және босану бөлімшесінде резиденттер ағымдағы ҚТГ зерттеулерін талдады, КТГ типін және жүкті және босанатын әйелдерді одан әрі жүргізу тактикасын анықтады.