Университетте 2024 жыл түлектерін алдын-ала бөлу жөніндегі комиссия отырысы өтті

Университетте 2024 жыл түлектерін алдын-ала бөлу жөніндегі комиссия отырысы өтті

2024 жылдың 24-ші маусымында университет қабырғасында Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және ауыл жастары арасынан азаматтарға берілетін квота шеңберінде оқуды бітірген түлек/жас мамандардың жұмыс орны жөніндегі комиссия отырысы өтті. 2023 жылдан бастап бұндай комиссия отырысы Жоғарғы оқу орындары, Ғылыми орталықтарға және Ғылыми-зерттеу инститтутарының қарамағына аударылған болатын.

 

Комиссия құрамына:

Комиссия  төрағасы:

Берікұлы Думан – Клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі проректор;

Комиссия  төрағасының орынбасары:

Касымова Анара Муратовна – Салидад Қайырбекова атындағы ҰҒДСО Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстары Обсерваториясының бас маманы;

Комиссия мүшелері:

Нуриденова Райхан Қуанышбекқызы – Абай Облысы ДСБ “Семей қаласының №7 емханасы” ШЖҚ КМК директоры;

Мұсабекова Жанна Әсемқанқызы – дипломнан кейінгі білім беру мектебінің деканы;

Қайырханова Іңкәр Өкімханқызы – қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейірбике ісі мектебінің деканы;

Комиссия хатшысы:

Абраимова Қымбат Жеңісқызы – түлектерді жұмысқа орналастыру және мансап маманы.

 

Комиссия өз отырысында жұмыс өтеуден босатылған түлектерді қарастырды. 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 47 бабының 17-2 тармағына сәйкес жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға:

      1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;

      2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      3) одан әрі оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға түскен адамдарға;

      4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі.

Комиссия отырсына барлығы 567 түлек шығарылған болатын.

Комиссия 2 сұрақ қарастырды:

  1. Қазақстан Республикасының«Білім туралы» Заң (бұдан әрі – Заң) 47-бабының 17- тармағына сәйкес жүкті әйелдерді, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар және өз бетінше тәрбиеленіп жатқан адамдарды мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуды 2024 жылы аяқтаған жас мамандарды жұмыс өтеу міндетінен босату.
  2. 2024 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медициналық мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған түлектерді Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына алдын-ала бөлу.

Бірінші сұрақ бойынша шешім:

Қазақстан Республикасының«Білім туралы» Заң (бұдан әрі – Заң) 47-бабының 17- тармағына сәйкес жүкті әйелдерді, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар және өз бетінше тәрбиеленіп жатқан адамдарды мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуды 2024 жылы аяқтаған 153 жас маманды жұмыс өтеу міндетінен босатылсын.

Екінші сұрақ бойынша шешім:

2024 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медициналық мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған 413 түлектерді Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына алдын-ала бөлінсін.

Муратбаева Алемгуль Калимбековна, интернатура деңгейін «Жалпы тәжрибелік практика» мамандығы бойынша бітірген жас маман байланысқа шықпағандықтан жұмысқа алдын-ала бөлінбеді.

Тіркелген құжаттар

АтауыСілтемелер
1Университетте 2024 жыл түлектерін алдын-ала бөлу жөніндегі комиссия отырысы өтті
Жарияланды:
Рубрикалар: Жұмыспен қамту
Тегтер: Басты бет