2024 жылдың 10 маусымында «Семей медицина университеті» КЕАҚ терапия кафедрасында ассистент Сарсебаева Г.С. «Ересектер және балалар эндокринологиясы» мамандығы бойынша интернатура бітірушілер үшін «Ашық есік күні» өткізілді. Студенттерге резидентураның білім беру бағдарламасы, оқу шарттары, Семей, Өскемен, Павлодар қалаларындағы клиникалық базалары, кафедраның ғылыми қызметі мен жетістіктері туралы презентация ұсынылады. Академиялық және клиникалық тәлімгерлер құрамы ұсынылған. Қорытындылай келе, интерндерден кері байланыс алынып, сұрақтарға жауаптар берілді