17.06.2024 ж Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенттері Қойшыбаева Қ.Ж. және Тугелбаева А.М. «Педиатрия» мамандығының 3302, 3303 кураторлық топтарымен бірге өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамыту мақсатында «Семей қаласының паллиативтік көмек және мейірбике ісі ауруханасы» мекемесінде барды.
Волонтерлік қызмет болашақ дәрігерлердің рухани-адамгершілік тәрбиесінің маңызды бағыттарының бірі болғандықтан, қайырымдылық шараларын өткізу, ауыр науқастар мен мүгедектерге күтім жасау, мейірімділікке, жанашырлыққа, үйлесімді тұлға тәрбиелеуге баулиды.
Біздің студенттердің көпшілігі көмекке мұқтаж адамдарға бей-жай қарамайды деп қорытынды жасауға болады. Оларда мейірімділік, жанашырлық, мейірімділік бар. Осындай жанашыр студенттер осы мекеменің емделушілеріне әртүрлі мейірбикелік процедураларды орындауға көмектесуге ниет білдірді.