Қорытынды аттестаттау, 5 курс «Жалпы медицина» ББ

Қорытынды аттестаттау, 5 курс «Жалпы медицина» ББ

20.06-26.06.24жылы «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 5 курс білім алушылары екі кезеңді қамтитын қорытынды аттестациядан өтеді: 1) білімді бағалау (компьютерлік тестілеу); 2) дағдыларды бағалау (ОҚКЕ). Қорытынды аттестацияның бірінші кезеңінде бакалавриаттың 4-5 курсында оқытылатын пәндердің 100 сұрағы ұсынылады. Екінші кезең (ОҚКЕ) 4-5 курста оқытылатын пәндер бойынша 16 станцияны (8 белсенді және 8 пассивті) қамтиды. Белсенді станция стандартталған пациент немесе практикалық дағдыларды көрсету ретінде жүргізіледі. Пассивті станцияда зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері түсіндіріліп, жағдай негізінде клиникалық диагноз қойылады. Студенттерге қорытынды аттестациядан сәтті өтуіне тілектеспіз!

Рубрикалар: Оқушылар
Тегтер: Басты бет