Ішкі аурулар пропедевтика кафедрасыдағы жазғы мектеп

Ішкі аурулар пропедевтика кафедрасыдағы жазғы мектеп

2024 жылғы 19-29 маусым аралығында «СМУ» КеАҚ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы «Практикалық дағдыларды игеру» жазғы мектебін офлайн форматта өткізді. Жазғы мектепке 2122, 2121 топтарының «Медицина» мамандығы бойынша 2 курс студенттері белсенді қатысты. Практикалық сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты: доцент Жазықбаева Л.К. Студенттер күнделікті сабақтарға белсенді қатысып, теориялық және практикалық білімдерін біріктіріп, өз дағдыларын жетілдірді. Жазғы мектептің қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, естелік фото түсірілді.