«Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау» тақырыбында кураторлық сағат

«Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау» тақырыбында кураторлық сағат

20.05.2024 «Семей медицина университеті» КЕАҚ базасында терапия кафедрасының ассистенті Рахыжанова А.А. «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау», «Адам құқықтары» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Қатысушылар: ОМ 5 курс студенттері.

Басты мақсат – құқықтық сауаттылықты арттыру, қылмыстың алдын алу. Оқыту барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, студенттердің құқықтық санасын тәрбиелеу жөнінде айтылып, талқыланды; студенттермен қылмыс мәселесін талқылады;
студенттерге қылмыстық жауапкершіліктің ерекшеліктерін түсіндірді; өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырды, күрделі жағдайларды сыни талдау дағдыларын қалыптастырды;

Құқықбұзушылықтың алдын алу жүйесінің негізгі міндеттері: студенттер тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың санын азайту; кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, лайықты өмір сүру перспективаларын қалыптастыру жағдайлары.

Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, еркін пікірталас жүргізіп, сұрақтар қойды. Кездесу соңында студенттер құқықтық сауаттылық пен құндылықтарды сіңіру туралы білім алғандарын атап өтті.