Шетел бөлімінің 2024 түлектеріне диплом табыстау рәсімі

Шетел бөлімінің 2024 түлектеріне диплом табыстау рәсімі

Әрбір бакалавриат түлегінің өміріндегі көптен күткен және қызықты сәттерінің бірі диплом алу болып табылады, бұл мамандықты игерудің базалық кезеңінің сәтті аяқталуын және маман болудың жаңа, жоғары деңгейіне көшуді білдіреді.

2024 жылдың 28 маусым күні Семей қаласының Қалалық Мәдениет сарайында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша Семей медицина университетінің шетел бөлімінің 308 бакалавриат түлектеріне дипломдар табыстауға арналған іс-шара өтті. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін «СМУ» КеАҚ  Басқарма Төрағасы –Ректоры, м.ғ.д., профессор А.А. Дюсупов құттықтау сөз сөйледі.

Бұл күні кеше ғана студенттер болып жүрген, бүгінгі күні медицина бакалавры атанған университтетің академиялық блогынан, оқытушылардан және арнайы бұл қуанышты күнді бөлісу үшін шет елінен келген ата-аналардан түлектерге деген жылы лебіздері айтылып, құттықтады.

Дипломдарды табыстағаннан кейін атаулы сертификаттармен университетте академиялық шеберлік, көшбасшылық және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан, өзін көрсете алған студенттер марапатталды.

Аталған іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге қол ұшын берген университет әкімшілігіне, Tecas компаниясына, сондай-ақ шетел бөлімінің студенттік өзін-өзі басқару командасына ерекше алғыс білдіріледі.

Осы кешті қуанышқа толтырған, ол қуаныштың көз жасы, бірлескен фотосуреттер, алғыс сөздер, құттықтаулар және Alma Mater қабырғасында студенттік уақыт туралы ұмытылмас әсерлер мен жақсы естеліктер болды. Жолдарыңыз ашық, болашағыңыз жарқын болсын құрметті 2024 түлектері!

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз