Атаулы стипендиялар беру бойынша конкурс
“Медицина университеті“ КЕАҚ ата-насының қамқорлығынсыз қалған “Жалпы медицина“, “Медицина“, “Педиатрия“ ББ 1-4 курс студенттері арасында атаулы стипендиялар тағайындауға конкурс жариялайды. Стипендияның Құрылтайшысы Семей медициналық институтының 1984 жылғы шығарылымы болып табылады. Атаулы стипендия тағайындаудың шарттары: – оқу жылындағы және емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тамаша үлгерім; – университеттің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысу; – студенттік ғылыми қоғам жұмысына, түрлі конкурстарға қатысу; Қатысу үшін 26.06.2024 ж. дейін 219–ға келіп, өтініш–сауалнама толтыру қажет.





