2024 жылдың 10 маусымында кафедра ассистенті, PhD докторы Жүніспекова А.С. 4407 тобымен «Студенттік ортада құқық бұзушылықтың, академиялық адалдық принциптерінің бұзылуының алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Академиялық адалдық – бұл жеке тұлғаның тұтастығы мен оқуға деген жауапкершілігін дамытатын білім беру үдерісіндегі оқушы мінез-құлқының құндылықтары мен принциптерінің жиынтығы. Білім беру үдерісіндегі студенттердің академиялық құндылығының негізгі принциптері: адалдық, автордың құқықтарын қорғау, ашықтық, айқындық, өзара сенім, студенттер мен оқытушылар арасындағы ақпарат пен идеялардың ашық алмасуы; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, теңдік.
Кураторлық сағатта университеттегі және қаладағы студенттердің мінез-құлық ережелеріне қатысты мәселелерді талқылап, нақты жағдайлар мен олардағы әрекет нұсқаларын мысалдар келтіріп, оларды бұзғаны үшін қолданылатын жазаларды да түсіндірді.