Қазақстан физиологтарының IX съезі

Қазақстан физиологтарының IX съезі

2024 жылғы 20-21 маусымда Астана қаласында «Астана медицина университеті» мен Қалыпты физиология кафедрасының 60 жылдығына орай халықаралық қатысумен Қазақстан физиологтарының IX съезі өтті. Форум Қазақстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның медициналық жоғары оқу орындарының ғалымдарын қосқанда 500-ден астам қатысушыны жинады. Сондай-ақ съезд онлайн режимінде көрсетіліп, көптеген қызығушылығының тараптардан қатысуына мүмкіндік берді. Іс-шараны құттықтау сөзімен «Астана медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы, ректоры Надыров Қ.Т., сондай-ақ физиологтардың IX съезінің төрағасы, профессор Хамчиев К.М. және шақырылған қонақтар сөз алды.

«Семей медицина университеті» КеАҚ университеті атынан,ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Сәуле Орынғазықызы Рахыжанова осы конгресске қатысып, баяндама жасады. Конгресс жұмысы жоғары ғылыми деңгейде өтті, физиология ғылымының негізгі бағыттары бойынша 70 баяндама жасалды. Съезд қорытындысы бойынша қарар (резалюция) қабылданып, барлық қатысушылар мен тыңдаушылар тиісті сертификаттарға ие болды. Съезд материалдары «КиберЛенинкада» жарияланды. Қонақтар үшін университет мұражайына және қала бойынша экскурсиялар, сондай-ақ «Астана Опера» театрына бару ұйымдастырылды.

Соңында Қазақстан физиологтарының IX съезіне қатысушылар қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Хамчиев Курейш Мавловичке және «Астана медицина университетінің» кафедра қызметкерлерінен құралған тамаша ұжымына қонақтарды жылы арсы алғандары және үлкен еңбегі үшін алғыстарын білдірді.