29-30 маусым күндері Жарма ауданының Қалбатау ауылында өткен дәстүрлі садақ атудан облыстық чемпионатында «Жалпы медицина» мамандығынын 4 курс білім алушысы Оразов Саян Нұрланбекұлы ерлер арасында Қалқан нысанасы (60 метр) бойынша жалпы қатысқан 41 адамнын ішінен суырылып шығып 1 орын алып, облыс чемпионы атанды!
Бұл керемет нәтиже тек үлкен еңбек пен төзімділіктің нәтижесі. Енді Оразов Саян Нұрланбекұлы қыркүйек айында Алматы қаласында өтетін садақ атудан Қазақстан Республикасы чемпионатында Абай облысының намысын қорғайтын болады.
Оразов Саян Нұрланбекұлын шын жүректен құттықтаймыз және алдағы чемпионатта үлкен жеңістер тілейміз!