МАГИСТРЛАРҒА ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ

МАГИСТРЛАРҒА ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ

Бүгін университетімізде «Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық-профилактикалық іс», «Мейіргер ісі», «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандықтары бойынша магистратура түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Ғылым және стратегиялық даму жөніндегі Проректор Назарбек Омаров құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге дипломдар табыс етті. Магистратураны сәтті аяқтағаны туралы құжаттарын К. К Жүсіпов., С.Ю.Кузнецова, А.Е Карменова., А.С. Жұмашева, С.М.Омарбаева, Б.Б. Оразаева, А.Е.Малгаждарова, Ж.А.Солтанова, Э.А. Сағынбаева, А.А.Шайгалиев, Н.Н. Нұрахимов, А.К.Мырзабосынова алды.
Шара соңында Ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы Гүлсім Көшпесова, Қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті Үмітжан Самарова түлектерге жылы лебіздерін айтып жарқын болашақ тіледі.

Жарияланды:
Тегтер: Басты бет