«СМУ» КеАҚ-да «Медицина» мамандығы бойынша докторантураға түсу емтихандарының 3 кезеңі аяқталды

«СМУ» КеАҚ-да «Медицина» мамандығы бойынша докторантураға түсу емтихандарының 3 кезеңі аяқталды

«СМУ» КеАҚ-да «Медицина» мамандығы бойынша докторантураға түсу емтихандарының 3 кезеңі аяқталды.

2024 жылғы 14 тамызда «Семей медицина университеті» КеАҚ-да «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторантурасына түсу емтихандары аяқталды. «СМУ» КеАҚ үшін «Медицина» мамандығы бойынша докторантураға «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2024 – 2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 500 бұйрығына сәйкес 10 орын бөлінді, оларға 14 адам үміткер болды.

Түсу емтихандарының 3 кезеңін өткізу бойынша Басқарма төрағасы–Ректор А.А. Дюсуповтың 2024 жылғы 30 шілдедегі № 360 бұйрығына сәйкес келесі құрамда емтихан комиссиясы жұмыс істеді:

  • Комиссия төрағасы: Дюсупов Алтай Ахметкалиевич – Басқарма төрағасы-Ректор.
  • Комиссия мүшелері:
    • Берікұлы Думан – PhD, дипломнан кейінгі білім беру және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі проректор;
    • Омаров Назарбек Бақытбекұлы – PhD, клиника бойынша проректор;
    • Мансурова Джамиля Анваровна – PhD, терапия кафедрасының меңгерушісі;
    • Жуманбаева Жанар Махмутовна – PhD, мейірбике кафедрасының меңгерушісі;
    • Пивина Людмила Михайловна – м.ғ.к., ҚР ЖҒҰА корреспондент-мүшесі м.ғ.д., профессор Дюсупов А.З. атындағы шұғыл медицина кафедрасының профессоры;
    • Масабаева Меруерт Равильевна – PhD, ғылыми-зерттеу зертханасы орталығының бас ғылыми қызметкері;
    • Булегенов Толкын Алпысбаевич – м.ғ.д., госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының профессоры;
    • Козыкенова Жанна Укошовна– PhD, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доцентінің м.а.
  • Емтихан комиссиясының хатшысы: Шарапиева Алуа Мұратбекқызы – PhD, мейірбике кафедрасының ассистенті.

 

PhD докторантураға түсу емтихандарын өткізу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін тәуелсіз бақылаушылар құрамына: «СМУ» КеАҚ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері Мадина Маратқызы Ережепбаева және «СМУ» КеАҚ комплаенс-офицері Мақсат Тілеуғазыұлы Бейсембаев енгізілді.

 

Емтихандар штаттық режимде өтті, бақылаушылар тарапынан ескертулер болған жоқ. «Медицина» мамандығы бойынша докторантураға түсу емтихандарының нәтижелерін санаумен қорытындылар шығарылды.

 

«СМУ» КеАҚ PhD докторантура гранттарының иегерлерін құттықтаймыз!

Тіркелген құжаттар

АтауыСілтемелер
115.08.2024 ж. PhD докторантураға түсу емтихандарының қорытынды нәтижесі
28D10102 «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторантурасына түсу емтиханының 3 кезеңінің (жобаларды қорғау) 14.08.2024 ж. нәтижелері
Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз
Тегтер: Басты бет