ҚҰРМЕТТІ «ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫНЫҢ 3 КУРС БАКАЛАВРИАТ СТУДЕНТТЕРІ
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенттері үшін Түркияның Стамбул Истиние университетінде 1 семестр оқуға конкурс жарияланады. (Тек Қазақстан азаматтары үшін)
Оқу кезеңі: қыркүйек 2024ж.-қаңтар 2025ж.
Бағдарламаға қатысушыларға белгіленген бюджет шеңберінде ұшақ билеттерінің (екі жаққа), виза және медициналық сақтандыру, тұру шығындары төленеді. Оқу тегін.
Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар:
- 3 курс студенттері;
- Академиялық қарыздың болмауы;
- Тәртіптік бұзушылықтың болмауы;
- Ағымдағы үлгерім туралы Транскрипт – GPA деңгейі 2,67-ден кем емес (4,0-ден)
- Ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейі-IELTS certificate 5.5 және одан жоғары (бар болған жағдайда) немесе ағылшын тілі бойынша В2 деңгейін растау бойынша тестілеуден өту;
- Республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларда жүлделі орындар үшін берілген грамоталардың, дипломдардың, алғыс хаттар мен сертификаттардың болуы (бар болған жағдайда);
- Ауызша сұхбат;
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау бас корпустың 306 кабинетінде 02.09.2023 16:00 дейін қабылданады.
Қатысушылар барлық құжаттарды қағаз нұсқасында алып келуі тиіс.
Қатысу үшін сілтеме бойынша өтіп, алдын ала тіркеліңіз:
https://forms.gle/6MLCXECsEkvR2hWB7
Байланыс деректері:
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
телефон: +7 747 705 15 43 Тұрсынбай Маржан Ерғалиқызы
Конкурстық интервью және ағылшын тілі бойынша тестілеу өткізу күні кейінірек хабарланады.