21.08.2024 Ж. Абай облысының Орталық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясында медицина қызметкерлерін тұмау, ЖРВИ, КОВИД-19 және ересектердегі пневмония кезінде диагностика, клиника, дифференциалды диагностика, емдеу және алдын алу бойынша оқыту жүргізілді. Семинар барысында клиникалық синдромдар мен ауыр ағымның белгілері, тұмаудың, Ковид-19 және пневмонияның ауыр және күрделі ағымының қауіп факторлары жеке баяндалды. Тәуекел тобындағы респираторлық инфекциялардың ерекшеліктері егжей-тегжейлі талданды: 2 жасқа дейінгі балалар, 65 жастан асқан ересектер, кез-келген мерзімде жүкті әйелдер және босанғаннан кейін 2 апта ішінде босанған әйелдер. “Тұмау және жүктілік” бөлімінде тұмаудың клиникалық көріністері, ЖРВИ, Ковид-19 және жүкті әйелдердегі вирусқа қарсы терапия бойынша арнайы нұсқаулар анықталды.
Шаймарданов Н. К., Смаил Е. М.