21 тамыз күні «СМУ» КеАҚ-да 7М10106 «Медицина», 7М10108 «Қоғамдық денсаулық сақтау», 7М10112 «Денсаулық сақтаудағы Менеджмент» мамандықтары бойынша 2024-2025 оқу жылының салалық магистратурасына сұхбаттасу ұйымдастырылды.
Сұхбаттасуға Астана, Алматы, Семей, Өскемен қалаларынан, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан үміткерлер қатысты. Университет оқытушылары арасынан сұхбаттасуды ұйымдастыру жөніндегі комиссияны төраға, клиника жөніндегі проректор Н. Б. Омаров басқарды.
Оқуға түсушілерге тиісті мамандықтардың салалары бойынша сұрақтар қойылды. Үміткерлер оларға жан-жақты жауап берді. Сұхбаттасу қорытындысы бойынша 2024/25 оқу жылының салалық магистратурасына 26 адам өтті.
Магистратураға түскендерді шын жүректен құттықтаймыз!