2024 жылға резидентураға түсуі

2024 жылға резидентураға түсуі

2024 жылдың тамыздың мен 8-16 аралығында «Семей медицина университеті» КеАҚ резидентураға түсу емтиханы өтті. Бүкіл іріктеу үдерісінің ашық болуы үшін жағдай жасалды.

Резидентураға түсу үшін бакалавриат бойынша GPA, 7 курстың қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша жалпы қорытынды баға, сондай-ақ тест форматындағы түсу емтиханы ескерілді.

Емтихан университеттің бас ғимаратында тестілеу түрінде өтті. Резидентураға түсуге үміткерлердің білімін бағалау үшін бақылау парағы әзірленді, мұнда:

–60% бакалавриатта оқу кезеңіндегі GPA баллының қосындысы болды;

–30% – 7-курстың қорытынды мемлекеттік аттестациясының (МБҚ) жалпы бағасы (тәуелсіз тестілеу +ҰТТО өткізген практикалық бөлім);

–10%–бұрынғы білім беру бағдарламасының көлемінде мамандық бейіні бойынша қабылдау тестілеу емтиханы. Шекті деңгей тест сұрақтарының жалпы санынан дұрыс жауаптардың 50%-ын құрады (50 сұрақтың 25-і).

Болашақ резиденттер негізгі 40 мамандық бойынша іріктелді, сонымен қатар үміткерде қосымша екі мамандық бойынша тест тапсыру мүмкіндігі болды. Барлығы емтихан тапсыруға 538 үміткер тіркелген, олардың 8-і тест тапсыруға келген жоқ. Сонымен барлығы 530 үміткер «СМУ» КеАҚ-ның резидентурасына тест тапсырды.

Қазіргі таңда мемлекеттік білім беру тапсырысына иегерлер анықталып, жергілікті атқарушы орган гранты мен медициналық ұйымның қаржыландыру есебінен және ақылы түрде оқитын үміткерлерден өтінімдер қабылданып жатыр.

Тегтер: Басты бет