“СМУ” КеАҚ “Мектепке жол” акциясына қатысты

“СМУ” КеАҚ “Мектепке жол” акциясына қатысты

Университетте «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында бірінші сыныпқа баратын балаларға Басқарма Төрағасы-Ректор, Абай облыстық мәслихатының депутаты Алтай Дюсуповтың ұйымдастыруымен, кәсіподақ ұйымымен бірлесе оқу жабдықтары табысталды. Олардың арасында қызметкерлердің балалары, көпбалалы отбасылардан шыққан бөбектер бар. Жас ұрпақ – ел болашағы дегендей балаларға қамқорлық танытып көңіл бөлу әрқайсымыздың парызымыз. Аға буыннан осындай игі өнеге көрген бөбектер білімді ғана емес жанашыр, мейірімді болып өсетіні сөзсіз. Балақайларды ғажайып білім әлеміне қадам басуларымен құттықтай отырып талаптарына нұр жаусын дейміз.