Университетімізде Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Дюсупов бастаған оқу орнымыздың басшылығы Жапония ғалымдарымен және NASHIM қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Меймандар арасында ядролық медицина және генетика саласындағы танымал мамандар Нагасаки Медицина университетінің профессоры, Нагасаки университетінің атом бомбасы институтының директоры Масахиро Накашима (Masahiro Nakashima), Нагасаки университетінің профессоры Норисато Митсутаки (Norisato Mitsutake), Нагасаки университетінің профессоры Хидеки Танигучи (Hideki taniguchi), Нагасаки префектурасының Хибакуся (ядролық бомбалаудан зардап шеккендер) күтімі бөлімінің бастығы Тоширо Ямасаки (Toshiro Yamasaki) бар.
Кездесу Нагасаки және Семей университеттері арасындағы ғылыми әріптестік байланыс аясында ұйымдастырылды. Жиында радиациялық медицина, эндокринология, онкология және генетикалық аурулар саласындағы маңызды және қызықты жобалар жайлы айтылды.
Мұнымен қатар Жапонияның жетекші профессорлары қалқанша безінің ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша семинарлар өткізді.

