2024 жылғы 26-28 тамыз аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы мен Astana it University қатысуымен Astana IT University базасында «Жоғары білім берудегі Менеджмент: сапаны Ішкі қамтамасыз ету жүйесін баптау» қарқынды практикумын өткізді. Оған академиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ж.Қ. Смайылова қатысты.
Интенсив жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесін жобалау және іске асыру бойынша кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған. Жоғары білім беруді дамытудың негізгі трендтері, сапаны Ішкі қамтамасыз ету жүйесін жобалау және іске асыру саласындағы ҚР НҚА және т. б. қаралды.