2024 жылдың 3 қыркүйегінде комплаенс-офицер Мақсат Тлеуғазыұлы Бейсембаев, Қауіпсіздік қызметі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Актанхан Жыйналханович Жунусов «Семей медицина университеті» КеАҚ бірінші курс студенттерімен таныстыру семинарын өткізді.
Кездесу барысында комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнаманың нормаларын, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін қатаң бақылау туралы түсіндірді.
Сонымен қатар, Комплаенс-офицер қызметкерлердің, профессор-оқытушылар құрамының әрекеттеріндегі (әрекетсіздігіндегі) сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша өтініштер (хабарламалар) беру тәртібін жеткізді.
Комплаенс-офицер сіздерден Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауларыңызды сұрайды, сондай-ақ қандай да бір жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, «СМУ» КеАҚ ресми сайтында комплаенс-офицердің көрсетілген байланыс деректеріне, электрондық пошта мекенжайына жүгіне аласыздар.
Қауіпсіздік қызметі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы өткізу режимін, ішкі тәртіпті, сондай-ақ дағдарыстық жағдай туындаған кездегі әрекеттерді сақтауға шақырды.
Сонымен қатар, студенттерге жатақхана сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейтінін ескертті және жатақханада болу тәртібін сақтау қажеттігі туралы хабарлады, сондай-ақ ID-карта арқылы бс ғимаратқа кіру тәртібі түсіндірілді.