14 тамызда ДДҰ бас директоры Халықаралық денсаулық сақтау ережелеріне сәйкес Конго Демократиялық Республикасында және басқа Африка елдерінде маймыл шешегінің күрт өсуі халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай екенін мәлімдеді.
4 қыркүйекте “Стоматология” және “Жалпы медицина” мамандықтарының 5 курс бакалаврлары мен “Стоматология” мамандығының 6 курс интерндерінің қатысуымен “Маймыл шешегі”дөңгелек үстелі өтті.
“Жалпы медицина” факультетінің 5318 тобының студенттері жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының оқытушы доценті Смайыл Е.М. дәріс дайындап, онда маймыл шешегінің ауру тарихы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, лечения және алдын алу мәселелерін ашты. Дөңгелек үстел барысында дәріс тақырыбы бойынша пікірталас өтті.
Смайыл Е. М., Сүлейменова Д. М., Маукаева С. Б.