«Маймыл шешегінің алдын алу» дөңгелек үстелі

«Маймыл шешегінің алдын алу» дөңгелек үстелі

2024 жылдың 4 қыркүйегінде НАО МУС университеттік госпиталь дәрігерлерінің қатысуымен «Monkey pox» – маймыл шешегінің алдын алу» атты дөңгелек үстел өтті. 2024 жылдың басынан бері әлемде 500-ден астам адамның өмірін қиған маймыл індетін жұқтырудың 14 мыңнан астам жағдайы тіркелді. 2024 жылдың 14 тамызында ДДҰ маймыл шешегін халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады. Жалпы медицина факультетінің 5318 тобының студенттері маймыл шешегінің дүние жүзіндегі эпидемиологиялық жағдайы мен географиялық таралуымен таныстырды. Дөңгелек үстел спикерлері аса қауіпті инфекцияның жұқпалы процесінің кезеңдерін ескере отырып, Мрох клиникасын егжей-тегжейлі қарастырды. Маймыл шешегінің дифференциалды диагностикасына аса назар аударылды және Мрох күдік туындаған жағдайда дәрігердің тактикасы туралы айтылды.
Сонымен қатар, маймыл шешегі бойынша медициналық көмек көрсету алгоритмі талданды (жеке қорғану құралдарында жұмыс істеу – медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі, бекітілген хабарландыру схемасы бойынша аса қауіпті жұқпалы ауру жағдайы туралы аурухана басшылығын хабардар ету, белгіленген тәртіппен шұғыл хабарлама жіберу,жауап беру жоспары).
Шаймарданов Н.Қ., Смаил Е.М.