2024 жылдың 02 және 03 қыркүйегінде Семей медицина университеті КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің деканы Ы.О. Кайрханова мен мектеп қызметкерлері университеттің № 2 дәріс залында «Стоматология», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық», «Мейірбике ісі» БББ 1-ші курс білім алушыларымен кездесу өтті. Білім алушыларға арналған бейімделу аптасының бірінші күнінде ҚДССФМІ мектебінің деканы Ы.О. Кайрханова 2024-2025 оқу жылына арналған академиялық саясатпен, білім алушылардың әдеп кодексімен,ішкі тәртіп ережелерімен және емтихан сессиясы кезіндегі тәртіп кодексімен таныстырды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы №2 бұйрығы негізінде интегралды GPA енгізу туралы ережесі туралы айтылды. Білім алушылар LMS жүйесі туралы, білімді бағалаудың әдістері мен формалары туралы, босатылған сабақтарды өтеу туралы сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.
Бейімделу аптасының екінші күнінде Комплаенс-офицер М.Т. Бейсембаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, емтихан тапсыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түсіндірді, сонымен қатар Академиялық адалдық саясатын сақтауға және қауіпсіздік қызметі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі бастығы А.Ж.Жунусов, білім алушыларды университет корпустарында және жатақханаларда тәртіп сақтауға шақырды. Университет психолог-әлеуметтанушысы Г.Е.Нуриден психолог есігі әрбір студент үшін ашық екенін және кез-келген сұрақпен жүгіне алатынын айтты.
қызметтерімен таныстырып білім алушыларды университет тәртібіне бағынуға және академиялық адалдықты сақтауға, студенттерге кез-келген уақытта психологиялық кеңес көрсетілетіні туралы айтылды.
Жиналыс соңында тәрбие ісінің маманы Д.А. Хасенов және студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы университет ішіндегі студенттік клубтарын таныстырып, студенттерді студенттік ұйымдарға қатысуға шақырды. Бейімделу аптасының соңында білім алушыларға кесте бойынша кітапханадан 2024-2024 оқу жылына арналған кітаптар берілді.