Тұмау қазіргі замандағы медицина ғылымының жетістіктері мен емдеу жетістіктеріне қарамастан, бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін күрделі мәселе болып қала береді. Тұмаудың айналымымен қатар респираторлық вирустарды да есте сақтау керек.
2024 жылдың 5 қыркүйегінде Семей қаласындағы №1 емханада «Тұмау, ЖРВИ және Ковид-19» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жалпы медицина факультетінің 5318 топ студенттері тұмау, ЖРВИ және Ковид-19 бойынша әлемдегі эпидемиологиялық жағдайлар туралы баяндады.
Дөңгелек үстел спикерлері тұмаудың патогенезі, тұмаудың клиникалық көрінісінің ерекшеліктері және оның асқынулары туралы заманауи деректерге тоқталды. ЖРВИ, тұмау және Ковид-19 тәуекел топтарына, дифференциалды диагностикасына, емдеу тактикасына және осы инфекциялардың алдын алуға баса назар аударылды.
Шаймарданов Н.К., Смаил Е.М.