2024 жылдың 6 қыркүйегінде Абай ауданы Әуезов атындағы жедел жәрдем станциясында медицина қызметкерлеріне «Тұмау және ЖРВИ: диагностикасы, емдеу және алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Жалпы медицина факультетінің 5318 топ бакалаврлары әлемде, ҚР және Абай ауданында ЖРВИ және тұмаумен ауырушаңдық бойынша эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар 2024 жылғы 16 тамыздағы № 7 «Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша эпидемиялық маусым 2024-2025 жылдарға арналған санитариялық-профилактикалық, санитарлық және эпидемияға қарсы іс-шаралар» туралы қаулысымен таныстырылды.
Спикерлер адамдардың тұмауға бейімділігі абсолютті және ауру жеңіл немесе ауыр түрде, кейде өліммен аяқталуы мүмкін екенін еске салды. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың клиникалық көрінісі, диагностикасы және қауіп тобындағы адамдар, инфекциялардың ағымының ерекшеліктері егжей-тегжейлі қарастырылды. Аурудың алдын алудың ең тиімді жолы вакцинация және ДДҰ халықтың келесі топтарына жыл сайынғы вакцинацияны ұсынуға баса назар аударды олар жүкті әйелдер, жүктіліктің кез келген кезеңінде, 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалар, қарт адамдар (65 жастан асқан), созылмалы ауырулар бар адамдар, медицина қызметкерлері.
Шаймарданов Н.К., Смаил Е.М.