Эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы Жапарова Жамал Дүйсенқызы “Стоматология”факультетінің 205 кураторлық тобымен алғашқы кездесуін өткізді. Кураторлық сағаттың тақырыптары “Академиялық саясаттағы өзгерістер”, сондай-ақ “Қазақстан Республикасындағы Отбасы күні”болды. Оқытушы студенттерді академиялық саясаттағы өзгерістермен таныстырды, ол бойынша студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, кураторлық сағатта студенттер оқытушымен Отбасы күнінің маңыздылығын, туыстық байланыстарды қолдауды және әр адамның кәсіби және жеке іске асыруындағы дәстүрлі отбасылық және жалпыадамзаттық құндылықтарды талқылады.