Жолдауды талқылауға арналған жиын өтті

Жолдауды талқылауға арналған жиын өтті

Семей медицина университетінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. Басқосуға оқу орнының Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Дюсупов, Абай облыстық мәслихатының хатшысы, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменов, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының хатшысы Нұржан Әбдікәрімов, «Ақжол», «Respublica», «Ауыл», «Байтақ», Қазақстан Халық партиясы партияларының, облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында Алтай Ахметқалиұлы жолдауда көрсетілген медицина саласы мамандарын даярлау сапасын арттыра түсу бойынша шаралар туралы ойын білдірді. Бұдан бөлек президенттің бірыңғай медициналық ақпараттық жүйе құру туралы ұсынысының өте ұтымды екенін, ондай жүйе дәрігерлер үшін де, емделушілерге де қолайлы болатынын атап өтті. Абай облыстық мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов жолдауда айтылған атом электр станциясын салу жөнінде сөз етті. Қуаныш Серікқазыұлы атом энергиясын пайдаланудың тиімді тұстарын тізбектей келе, реакторлардың жаңа буыны ойластырылып жасалғанын, қауіптенуге негіз жоқ деп ойлайтынын жеткізді. Бұл сөзді «AMANAT» партиясы облыстық филиалының хатшысы Нұржан Әбдікәрімов қуаттады. Залға жиналған университет оқытушылары мен қызметкерлері қозғалған тақырыптар сұрақтарын қойып жауап алу мүмкіндігіне ие болды.