2024 жылдың 8 қыркүйек күні, “Ішкі аурулар пропедевтикасы” кафедрасының ассистенті Жазықбаева Л.Қ. 3120, 3103, 3526 кураторлық топтарымен КеАҚ Семей Медицина университетінің “№1 студенттер үйінде” Отбасы күніне орай сенбілік іс-шара ұйымдастырды. Отбасы күні – Қазақстан үшін жаңа мейрам болып саналады. Бұл мейрам отбасының рухани құндылықтары мен дәстүрлерін бейнелейді. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Студенттер әр түрлі елдерде осы күннің қалай өткізілетіні жайлы ақпараттар алды. Кездесу қатысушылары өз отбасыларының дәстүрлері жайлы айтып, ұсынылған викториналарда белсенділік көрсетті. Іс-шара қызықты әрі танымды болды.
Куратор: Жазықбаева Л.Қ.
Топтар: 3120, 3103, 3526.