Отбасы күні қыркүйектің 2-ші жексенбісі болғандықтан, биыл бұл күн 8-ші қыркүйекке сәйкес келеді. 06.09.2024 ж. Мен 5423 тобымен “отбасы және отбасылық құндылықтар”тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім.
Мақсаты: оқушылардың бір-бірін жақсы көретін, бір-біріне қамқор болатын адамдар ретінде отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру; отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.
Біз отбасы туралы айттық. Әр адамның үйі, отбасы, туыстары болуы керек өйткені дәл осы жерде біз жанашырлық, жылулық пен түсіністік табамыз!.
Топ осы тақырыпқа және Тілек ағашына постер салды!