29 тамыз-Семей ядролық полигонының жабылу күні.
Бейбітшілік аралында Жапониядан келген делегацияны, сондай-ақ Ирландияның “Чернобыльдан гөрі үлкен іс” қайырымдылық қорының басшысы Фиона Коркоранды қарсы алды.
Іс-шара басталар алдында дәстүр бойынша “Өлімнен күшті” монументіне гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды.
Кейін “Семей медицина университеті” КЕАҚ профессор Д.Р.Мусинов атындағы клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының резиденттері мен докторанттарының біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру ресурстарын толықтыруға бағытталған мастер-класс өтті.
Нагасаки университетінің жапон ғалымдары дәрістер мен мастер – класс өткізді. Мастер-класс барысында жапондық ғалымдар қалқанша безінің қатерлі ісігін диагностикалау мен емдеудің тиімді әдістері туралы ақпарат берді.
Іс-шараға тыңдаушы ретінде қатысатын жас мамандар, резиденттер, докторанттар дәріс тақырыбы бойынша сұрақтар қоюға, пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік алды