Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күні

Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күні

14 қыркүйек бүкіл әлем Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күнін атап өтеді. Бекітілген сенбі күнгі іс-шаралар жоспары аясында симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы кураторлық топтармен № 3 жатақхана студенттеріне базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) бойынша тақырыптық шеберлік өткізді.

Шеберлік сабағына 1-3 курс студенттері қатысты. Алдымен студенттерге ЖӨР-ң (BLS) шығу тарихы туралы айтылып, артынан реанимацияның өзі көрсетілді. Теориялық бөлімнен кейін студенттер тәжірибиелік дағдыны жасай бастады. Білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Студенттер шеберлік сабағының тәжірибиелік бөліміне қызығушылықпен қатысты.

Жарияланды: