«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 02.09.2024 жылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауын талқылау бойынша отырыс өткізілді.
Әскери кафедра оқытушылары Мемлекет басшысының жолдауының республика тұрмыс-тіршілігінің барлық салаларына қатыстылығын, басым бағыттардың қамтылғандығын, қазіргі қазақстандық қоғамның алдында тұрған өзекті мәселелер көтерілгендігін атап өтті.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында, банк жүйесін реформалау, салықтық кодексті жетілдіру, еліміздің өндірістік дамуына, экономикасы мен ауыл шаруашылығына инвестициялаумен қатар, адал еңбектің халық игілігіне қажеттілігіне айрықша назар аударды.
Қатысушылар Жолдаудағы жоғары білім мен денсаулық сақтау саласындағы шаралар мен реформалар туралы пікірлерімен бөлісті.
Әскери кафедраның цикл бастығы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлы