Отбасы-рухани жаңғырудың негізі!

Отбасы-рухани жаңғырудың негізі!

2024 жылдың 13 қыркүйегінде симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушылары м. ғ. к., доцент Муканова Д. А., Смагулова Ж. И., Ван О. Т., Мусабекова Н. Е., Мамырханова Г. М., Ықыбаева Н. Б., Какимжанова М. К., 3116, 3628 жалпы медицина студенттері, 704 ЖТД -интерндер, сондай-ақ кураторлық топтардың студенттері Абай атындағы облыстық кітапханаға барды, онда дәстүрлі түрде Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күніне арналған “Отбасы – рухани жаңғырудың негізі” интерактивті кездесуі өтті. Кітапхана қызметкерлері аталған іс-шараның қонақтарын Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде атап өтілетін мереке тарихымен, салт-дәстүрлерімен таныстырды. Білім алушылар Қазақстан Республикасында бұл мереке 2013 жылдан бері аталып келе жатқаны және мерекені өткізудің негізгі мақсаты мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, руханиятты сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі ұлттық мемлекеттік міндетті іске асыру туралы екенін білді.

Оқушылар викториналарға, ойындарға және тренингтерге үлкен қызығушылықпен қатысты. Викторина отбасын құруға және нығайтуға қатысты Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары мәселелерін қамтыды,  “мақал-мәтелді жалғастыр” ойыны өткізілді, тренингте білім алушылар отбасын құру және оны сақтау туралы ақпараттандырылды.

Іс – шара осы тақырып бойынша бейнероликтер көрсетумен, сондай-ақ отбасыларды құру және сақтау, балаларды тәрбиелеу бойынша кеңестер берілген Қ. Қалиева, “Бақыттың килті-әйелде”, ” Отбасы. Отағасы. Отанасы “,  Қ.Ғ. Жүнісова-Елшібаева, ” Отбасы. Оқуға тиіс 10 кітап ” Ш. Мұқан сияқты танымал кітаптар ұсынылған кітап көрмесінің тұсаукесерімен сүйемелденді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір