Полковничий аралына экскурсия

Полковничий аралына экскурсия

2024 жылдың 16 қыркүйегінде жалпы медицина факультетінің 5318 кураторлық тобының студенттері (жетекшісі Смаил Е.М.) Полковничий аралына экскурсия жасады. Бұл арал Семей қаласының басты көрікті жерлерінің бірі болып табылады. Аралға жету үшін студенттер Полковничий аралына апаратын көпірден өтті.
Аралда балалар Семей ядролық сынақ полигоны құрбандарын еске алуға арналған «Өлімнен де күшті» мемориалы бар аллеяға барды.
Студенттер адам қолы тимеген табиғат пен орманның тыныштығын сезініп, таза ауада рахаттанды. Экскурсия барысында студенттер оқу жылының басындағы күнделікті өмірлері, болашақта қандай дәрігер болғылары келетіндері және хоббилерімен бөлісті. Балаларға күздің шуақты күнінде ашық экскурсия өте ұнады.
Шаймарданов Н.К., Смаил Е.М.