Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауы

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауы

Кафедра меңгерушісі А. А. Дюсупованың жетекшілігімен Семей қаласының жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында және кафедра оқытушылары Т. М. Беляева, О. А. Юрковская, Р. И. Фаизова, А. М. Хисметова, Г. Т. Камашева, В. Т. Ахметова, Т. И. Терехова, А. С. Джармухаметова, А. М. Досбаеваның қатысуымен “Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы” атты іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар: 710 топ Семей қ. ЖТД интерндері

Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде көптеген жаңашылдықтың болатынын көрсетіп берді.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелерді қамтыды.

Алдымен кезекті сессияның ашылуымен құттықтап, өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізілгенін, атап айтқанда, 102 заң қабылданғанын, оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар барын және ғылым  мен технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енгенін баса айтты.

Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінгенін жеткізді. Оған Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заңның қабылдануы, балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатыны, кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жазаның  күшейтілуі,  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заңның қабылданғаны дәлел ретінде келтірілді. Сонымен қатар Президент қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бары және бұл – өте өзекті, қоғамдық қатерге айналғанына тоқталды. Осы бағытта арнайы заңдар қабылданып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шаралар қолға алынғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы  өз Жолдауының түйіні ретінде бірлік бар жерде тірлік барын еске салып, ел азаматтарын отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.