“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы” тақырыбындағы кураторлық сағат өтті

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы” тақырыбындағы кураторлық сағат өтті

2024 жылғы 13 қыркүйекте Өскемен филиалының ЖТД кафедрасында “Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы”тақырыбында ЖТД 6-7 курс интерндерімен кураторлық сағат өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты-интерндерде сыбайлас жемқорлық, құқықтық өзін-өзі тану туралы түсінік қалыптастыру

Өскемен филиалы, ЖТД кафедрасының меңгерушісі, Р.Б Темірханова, тәрбие жұмысы бойынша жауапты ассистент Ш. Д. Енсибаева, сондай-ақ кафедра меңгерушісі С. С. Ахметова және Р. Н. Ибрагимова   интерндерге тақырып бойынша түсіндірме жүргізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мақсаттары: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының міндеттері: Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді болдырмау, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғамның рөлін күшейту.

Құқықтық тәрбие ұғымы, сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның формалары, қоғам өмірінің әртүрлі салаларында көріну ерекшеліктері, осы құбылыстың әлеуметтік қауіпті және зиянды салдары туралы жалпы түсінік берілген. Интерндер сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен және теріс әсерін азайтумен, сондай-ақ оның пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюмен танысты.

Интерндер пікірталастарға белсенді қатысып, еркін түрде пікірталас өткізіп, сұрақтар қойды. Сынып сағатында интерндер осы жобаның бағыттарымен егжей-тегжейлі танысты