«СМУ» КЕАҚ жұқпалы аурулар, тері-венерология және иммунология кафедрасында оқу жоспары бойынша бакалавриат студенттеріне арналған сабақтардың практикалық бөлігі Семей қаласының амбулаторлық және стационарлық инфекциялық мекемелерінде жүргізіледі.
«Жалпы медицина» факультетінің 5318 тобының студенттері Семей қаласының №3 консультативтік-диагностикалық емханасы (КДЕ) базасында: Физкультурная, 4 жұқпалы аурулар кабинетте (ЖАК) жұқпалы ауруға күдікті науқастарды қабылдады, оған студенттер белсенді қатысты. Болашақ дәрігерлер амбулаториялық деңгейде жұқпалы ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша ақпараттар алды. ЖАК-те студенттер аса қауіпті жұқпалы ауруға (оба, тырысқақ, конго-қырым геморрагиялық қызбасы, сібір жарасы) күдікті науқасты анықтау кезінде обаға қарсы костюмді киюді үйренді. Сонымен қатар, Covid-19 және Mpox бар науқасты анықтау кезінде жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) қолдану арқылы әрекеттер алгоритмін меңгерді.
Шаймарданов Н.К., Исабекова Ж.Б., Смаил.Е.М.