Семей медицина университеті» КеАҚ Әскери кафедрасы
Әскери кафедра 1956 жылы құрылды және жалпыәскери дайындық циклімен ұсынылды. Әскери кафедраның іргетасын құраған алғашқы офицерлер: подполковник Матиаш А. А., полковник Соболев А. В., подполковник Науменко С. А., м/қ подполковнигі Гатаулин А. Ш.
Әскери кафедраны басқарғандар:
- 1957 жылдың наурыз айынан бастап 1973 жылға дейін кафедраны Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚазССР еңбегі сіңген дәрігер, м/қ полковнигі Шейнин Давид Абрамович басқарды.
- 1973-09.1981 жылдары аралығында кафедраны м/қ полковнигі Корсунский И. Ш. басқарды, Ұлы Отан соғысының ардагері, денсаулық сақтау ісінің үздігі.
- 1981 жылдың желтоқсанынан бастап 1990 жылға дейін кафедраның бастығы денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина қызметінің полковнигі Яцко Ф. В. болды.
- 1991-1992 жж. – м/қ полковнигі Степанов С. В.
- 1993-1994 жж. – м/қ подполковнигі Петрук А. Н.
- 1994-1999 жж. – м/қ полковнигі Кипчакбаев А. К.
- 1999-2001 жж. – м/қ подполковнигі Копашев Е. С.
- 2002 -2004 жж. – м/қ подполковнигі Абишев М. Д.
- 2004 -2012 жж. – м.ғ.к., м/қ полковнигі Исабаев Ж. Т.
- 2012 жылдан – 2017 жылдың желтоқсанына дейін кафедраны отставкадағы
- м/қ подполковнигі Абишев М. Д. басқарды.
- 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін әскери кафедра бастығы – медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шынғыс Оразмухаметович.
Әскери дайындықтың мақсаттары мен міндеттері:
- Азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери қызметке даярлау- Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі-ҚР ҚК) офицерлер құрамының бастапқы лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында алатын жоғары кәсіптік білім негізінде, «Жерүсті әскерлеріндегі емдеу ісі», «Жалпы стоматология» мамандықтары бойынша, әскери уақытта медицина ротасының, мекемесінің дәрігері лауазымдардағы міндеттерді орындауға қабілетті ҚР Қарулы Күштерінің запастағы медицина қызметінің офицерлерін дайындау арқылы жүзеге асырылады.
- Азаматтарды запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери қызметке әскери даярлау – Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру, сондай-ақ, ҚР ҚК сержанттар құрамының лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында «Орта медициналық мамандар» (фельдшер) мамандығы бойынша, әскери уақытта медицина ротасының, мекемесінің фельдшері лауазымындағы міндеттерді орындауға қабілетті ҚР Қарулы Күштерінің запастағы медицина қызметінің сержанттарын дайындау арқылы жүзеге асырылады.
Әскери дайындық пәнін оқыту міндеттері:
- әскери уақыттағы тағайындалуына сәйкес, функционалды міндеттерін орындауға қажетті теориялық және тәжірибелік мәселелер бойынша студенттерді дайындау.
- офицерге қажетті кәсіптік-жауынгерлік, моральды-психологиялық және дене дайындығы қасиеттерін студенттерге ендіру.
- әскери жағдайда әскери-медициналық қызмет және медициналық мүлікпен қамтамасыз ету жүйесін басқаруға қажетті командирлік дағдыларды қалыптастыру.