“Физикалық медицина және реабилитацияның өзекті мәселелері” атты халықаралық конференция

“Физикалық медицина және реабилитацияның өзекті мәселелері” атты халықаралық конференция

2024 жылдың 30-тамызында Астана қаласында «Қазақстандық физикалық медицина және оңалту федерациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен кезекті іс-шара өтті.
Конференцияның ұйымдастырылу мақсаты –Қазақстан Республикасындағы оңалту қызметін дамыту, оңалтудың заманауи әдістерін, оқыту жүйесін одан әрі жетілдіру, физикалық медицина және оңалту саласы мамандарының кәсіби өсуіне ат салысу.
Конференцияда талқыланған тақырыптар: 1. Нейро-, кардио- және жарақаттан кейінгі оңалтудың күрделі мәселелері
2. Дәлелді медицина тұрғысынан оңалтудың заманауи тәсілдері.
3. Пациенттердің моторлық, когнитивті қызметін қалпына келтіруде қолданылатын робототехника саласындағы инновациялар
Іс-шара барысында Оңтүстік Корея, Жапония, Ресейден келген мамандармен қатар Отандық дәрігерлер өздерінің баға жетпес тәжірибесімен бөлісті.
Конференцияға Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының ассистенті Даирбеков Е.Е және 2-жыл реабилитолог-резиденті Нургазина А.А қатысты.
Конференцияға қатысу нәтижесінде өз білімдерін толықтырып, жаңа инновациялық технологиямен танысты.
Іс-шара соңында қозғалған тақырыптарға байланысты туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, қатысушыларға сертификаттар ұсынылатыны айтылды.
Еліміздің мамандары үшін осындай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылу нәтижесінде баға жетпес тәжірибе, жаңа білім алуға мүмкіндіктер артады.
Резидент-реабилитолог Нургазина Ақбота Алмасқызы.