«Отбасы күні»

«Отбасы күні»

«Отбасы күнінде» отбасылық құндылықтарды қорғауды насихаттау мақсатында хирургиялық пәндер кафедрасының урология пәнінің қызметкерлері 2024 жылдың 5 қыркүйегінде 4316 топ студенттерімен «Дені сау ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Ақпараттық медиа саласы мен әлеуметтік желілердің жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпалы, зиянды әдеттердің кері әсері, әсіресе энергетикалық сусындардың зияны талқыланды. Студенттер дені сау ұрпақты қалыптастыру үшін салауатты өмір салтын ғана емес, отбасында қолайлы психологиялық орта да қажет деген қорытындыға келді. Ассистент М.Н.Аккалиев өз сөзінде жастар арасында салауатты ұрпақты қалыптастыру үшін жоғары оқу орындарында міндетті түрде тәрбиелік дәрістерді енгізу қажеттігін айтты.

Рубрикалар: Категориясыз