6 қыркүйек 2024 жылы Семей, Өскемен, Павлодар Областық перинаталдық орталықтарында Семей медицина университетінің КеАҚ
«Д.М.Тусупова атындағы педиатрия және медицаналық реабилитация кафедрасының» 1 жыл неонатолог резиденттер және оқытушы Аильбаева Назым Муратбековна қатысуымен отбасы күні атап өтілді. Отбасы институтын сақтау және нығайту мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.