№3 студенттер үйінде “Ауыз қуысының гигиенасы негіздері”тақырыбында дәріс

№3 студенттер үйінде “Ауыз қуысының гигиенасы негіздері”тақырыбында дәріс

Сенбі күнгі іс-шаралар жоспарына сәйкес “МУС” КеАҚ студенттер үйінде стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасы ағарту жұмыстарын ұйымдастырды. Аталған іс-шара “Салауатты күлкі” мектебінің мүшелерімен бірлесіп ұйымдастырылып, 2024 жылғы 21 қыркүйекте № 3 студенттер үйінде “Ауыз қуысы гигиенасының негіздері” тақырыбында өткізілді.

Кафедра ассистенттері Б. Е. Ортбаева, Д. Н. Калиева және № 3 студенттер үйінде тұратын 1-ші және 2-ші курс студенттеріне арналған “Салауатты күлкі” мектебінің мүшелері ауыз қуысы гигиенасының негізі, тістерді тазалаудың түрлі әдістері, жаман әдеттер, олардың ағзаға жалпы және жай-күйіне зиянды әсері туралы әңгімелесті. “Дөңгелек үстелде” кариестің алдын алу, қатты тіндердің патологиясы, пародонт ауруларының, ауыз қуысының шырышты қабығының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараға арналған шағын дәріс оқылды. Ауыз қуысының жеке гигиенасы құралдары мен заттары туралы ақпарат баяндалды. Муляжда ауыз қуысы гигиенасын оқыту бойынша мастер-класс өткізілді. Алдын алу шараларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті, ең бастысы-білім алушылардың салауатты өмір салты.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Іс-шара соңында студенттерден оң кері байланыс алынды. Студенттерге дәріс, мастер-класс, яғни жалпы ұйымдастырылған іс-шара қызықты, қажетті, уақтылы, білім алушылар үшін үлкен пайда әкелді.