Атопиялық дерматит күні

Атопиялық дерматит күні

2024 жылдың 14 қыркүйегінде Павлодарда Атопиялық дерматит күні өтті, оның аясында дерматологтар, аллергологтар және педиатрлар осы аурудың диагностикасы, клиникалық көріністері және емдеу әдістері бойынша бірқатар дәрістер өткізді. Іс-шараға түрлі бағыттағы мамандар ғана емес, сонымен қатар пациенттер де қатысып, атопиялық дерматитке байланысты заманауи емдеу тәсілдері мен мифтерді жою мәселелерін талқылады.

Ерекше назар екінші курс резиденттері дайындаған білім беру дәрістеріне аударылды.

Екінші курс гастроэнтеролог резиденті Ескендирова З.М. гастроэнтерологияда кең таралған мифтерді жоққа шығаратын дәріс оқыды. Спикер қазіргі уақытта паразиттік аурулар мен атопиялық дерматиттің арасында байланыс бар екенін дәлелдейтін ғылыми деректердің жоқ екенін атап өтті. Қалыптасқан пікірлерге қарамастан, паразиттер бұл тері ауруының себебі емес екенін айтты. Ескендирова З.М. атопиялық дерматитті емдеу стереотиптер мен қате түсініктерге емес, дәлелді медицина қағидаттарына негізделуі керек екендігін ерекше атап өтті.

Аллерголог резиденттері Рүстемханова Н.С. мен Асылханова А.А. “Аллергия және атопиялық дерматит” тақырыбында дәріс оқып, атопиялық дерматитпен байланысты аллергиялық реакциялардың даму механизмдерін егжей-тегжейлі қарастырды және аллергендерді уақтылы диагностикалаудың маңыздылығын атап өтті. Олар аллергопробы мен иммунологиялық тесттердің заманауи әдістерін талқылап, олар арқылы аллергендерді дәлірек анықтап, аурудың өршу жиілігін азайтуға бағытталған емдеуді түзетуге болатынын айтты.

Сондай-ақ, дәрістерде аллергияның атопиялық дерматиттің дамуына әсері, ағзаның гиперсезімталдық механизмдері және аллергиялық реакцияларды бақылау әдістері талқыланды.

Осындай іс-шаралар пациенттер үшін өте маңызды, өйткені олар тікелей ғылыми негізделген ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл адамдарға өз ауруын жақсы түсінуге және оны емдеуге белсенді қатысуға көмектеседі. Жыл бойы резиденттер дерматология, аллергология және гастроэнтерологияға қатысты түрлі тақырыптар бойынша бірнеше білім беру іс-шараларын өткізіп, пациенттер мен олардың отбасыларын ағартуды жалғастыруды жоспарлап отыр.