2024 жылдың 16, 17, 18 қыркүйек күндері Медицина және педиатрия мектебінің деканы Узбекова Салтанат Есенгалиевна «Жалпы медицина», «Медицина» және «Педиатрия» ББ білім алушыларымен кездесу өткізді. Жиналыс барысында декан білім алушыларды 2024-2025 оқу жылына арналған Академиялық саясаттағы өзгерістермен таныстырды. Биылдан бастап 1 курс студенттері үшін интегралды GPA енгізілді. 4 курс білім алушыларымен өткен жиналыста клинкалық тәжірибе бойынша Раханская Евгения Владимировна сөз сөйлеп, студенттердің алдағы қысқы сессияға және клиникалық тәжірибенің ерекшеліктеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.