2024 жылдың 17-18 қыркүйегінде қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің деканы Ы.О. Кайрханова және декан орынбасарлары Ш.Н. Темиршенова және Г.А.Жумаева, әдіскер Д.А. Муратбекованың қатысуымен «Қоғамдық денсаулық», «Стоматология», «Фармация» және «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламаларының 2-5 курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында университеттің әкімшілік құрамы, 2024-2025 оқу жылына арналған «Семей медицина университеті» КеАҚ нормативтік құжаттары қаралды. Сондай-ақ, студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгеріміне қойылатын талаптар, емтихандарды өткізу ережелері қарастырылды.
Мектеп деканы студенттерді академиялық саясат, пән саясатымен, университеттің ішкі тәртіп ережелерімен, жатақханада тұру ережелерімен, студенттердің әдеп кодексімен таныстырды.
Әскери кафедра бастығы, медицина қызметінің полковнигі Ш.О. Орынбасаров білім алушыларға әскери кафедраға түсу үшін медициналық куәландырудан өту, кәсіптік-психологиялық тестілеу, дене дайындығы бойынша нормативтер тапсыру мәселелері бойынша түсініктемелер берді.
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оларға жауаптар алды.